Алтын Урпак- 5. Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудыңтиімді жолдары. Омарова А. А.,Қызылорда облыстық “Атабаев тағылымы”орталығы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №8. Республикамыз егемендігін алған және қогамымыз жаңарған қазіргі жағдайда білім берудің шын мәніндегі демократиялық жүйелерін құру принциптері өз мәніне сай қалпына келтіруде. Олар шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға, қайталанбас даралықты дамытуға бағытталған. Сыныптан тыс жұмыстар оқу- тәрбие жұмысымен өмірімен байланысты арттыруға, оқушылардың сыныпта алган білімін одан әрі тереңдетуге, ең маңыздысы, олардың сегіз қырлы, бір сырлы,білімді де, парасатты, адамгершілігі жоғары азаматтар болып өсуіне жағдай жасайды, ықпал етеді. Сыныптан тыс осындай сан- салалы жұмыстарды тартымды да, қызықты, әсерлі етіп ұйымдастырған мұғалім, тек жақсы оқитын оқушыларды ғана емес, үлгерімі төмен, тәртібі нашар оқушылардың да талабын оятпақ.Өйткені онда ұстаз бен оқушы арасында көзге көрінерлік шекара болмайды.
Всего документов 192980. На казахском языке 97288. На русском языке 95312. На английском языке 380. Служба поддержки. E-mail: [email protected]. Болашақта заң, құқық қорғау және сот жүйесінде маман болатын қорғау, зорлық-зомбылық, медициналық сот сараптамасы, саусақ ізі, тері-май іздері. Мақсаты: Болашақ заңгерлерге арнайы білімді сот сараптамасы түрінде сот
өндірісінде. Реферат, жеке жоба, топтық жоба. 15 апта. 7 балл. Балл.
Мұғалім шәкіртімен бірге тыныстайды, бірге ойлайды, істі бірге істеп, бірге шешедіСабақ кезінде, окыту кезінде қалыптасатын адамгершілік қарым- қатынас сипаты сыныптан тыс қызметте беки түседі немесе түрлі өзгерістерде ұшырайды. Сыныптан тыс жұмыс мейлінше әр түрлі формаларға, оқушылардң нақты мазмұнды қызметіне бай болып келеді. Балалар сабақтан тыс уақытта қоғамдық пайдалы еңбекке қатысады, тапсырмаларды орындайды, ертеңгілік пен жиындарда, түрлі сайыстарда кездеседі. Сан қырлы сыныптан тыс қызмет процесі кезінде балалардың арасында олардың әрқайсысының жеке бастық ерекшеліктеріне орай қарым- қатынастар қалыптасатын болады. Оқушыларды бірлесіп әрекет етуге қалай үйрету керек? Жұмысты Мұғалімніңжоспарлауы нұсқау беруі.
Міндет бөлісуі Өзіне берілген Бар жұмысты Ортақ жұмысқатапсырманы назарында есеп беруіорындауы ұстауы. Мұғалім жұмыс сапасына, ойын процесіне, жиындар, байқаулар өткізуге ғана емес, сонымен бірге осы ұжымдық қызметке қатысушылар арасында туындайтын қарым- қатынастарға да айқын талаптар қойып отырады. Бұл талаптарды балалар жақсы білуге және жете түсінуге тиіс. Адам өзіндік ерекшелігімен өмірге келеді. Осыған орай тәрбие беру үдерісінде әр түрлі болмыспен қалыптасқан тұлғаны одан әрі жетілдіруде тәрбиелеудің түрлі әдіс- тәсілдерін қолдануға тура келеді.
Тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты- барлық тәрбиелік істе әрбір баланы «жеке тұлға» деп танып, жан- жақты қалыптастыру. Оқушының шығармашылық тұлғасын жан- жақты үйлесімді дамыту үшін оның өз мүддесіне қарай ұжымдарга балалардың түрлі іс- шараларға қатысуы үлкен мәнге ие.
·Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сарапшы өз
қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен
танысқан . Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости Суға ағу олімнің сот медицина сараптамасы барысында.
Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыра отырып, олар тек кана дамылумен ғана емес, өз өмірлерін қызықты, мазмұнды өмірге зер салып қарауға үйренуі керек. Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік қызметі дара және базалы (мектептік ) дайындық пен сыныптан тыс сабақтар арасындағы сабақтастықты, тұлғаны тәрбиелеуде әр түрлі жақтардың арасындағы және тәрбиенің кешенді тәсілдерімен өзара байланысын ашу болып табылады. Жас өспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын оның тек сабақтарға жалпы қатынасы ғана емес, сондай- ақ білімді практикалық іскерліктерді қабылдау мен меңгеру процесінің өзі де анықтайды. Сыныптан тыс жұмыстар біріншіден, бұл жас өспірімдерді бірігуге тартатын, одан өзінің іскерлігі мен қатыстығын көрсетуді талап ететін тақырыптық- практикалық әрекеттің жаппай және топтық түрлері. Бұларға қатыса отырып, балада таңдау мүмкіндігі туады.
Екіншіден, бағытталған қызығушылыққа және мүмкіншілікке сәйкес жүйелі әрекетпен айналысқысы келетін балалар үшін үйірмелер, секциялар, студиялар, лабараториялар және басқа да шығармашылық бірлестіктер. Мұндай ұйымдастыру формалары қабілеті мен дайындығына қарай ниет білдірушілер барлық жас өспірімдерді бірдей қатысуға мүмкіндік туғызады.
Осы заманғы қоғамның басты міндеті- жан- жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Н. Назарбаев: «Қазақстан- 2. Халықтың көптеген топтарының бірлігі жекешіл және қоғамдық негіздерін салиқалы үйлестіру,мұның өзі қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра түседі» деуі қоғамдық ұйым, бірлестіктердің дамуына мүмкіндік ашып отыр. Жас жеткіншектерге сабаққа байланысты тағылым берумен бірге, арнайы тәрбие сағаттарын өткізудің ,үйірме,кеш,дебат,конференция ұйымдастырудың,ақын –жазушылармен,еңбек адамдарымен кездесулер өткізіп,мәдени орталықтар мен тарихи ескерткіштерге,музейлерге саяхат жасаудың ,оқушылардың шығармалары мен шығармашылығына арналған әдеби байқаулар,көрме ұйымдастырудың,газеттер шығару сияқты жұмыстардың үлкен тәрбиелік маңызы бар. Осы орайда өзім еңбек ететін мектепте «Жас өркен», «Оқушылар ұйымы», «Жас ақындар»үйірмесі «Домбыра» үйірмесі, «Қазақша күрес» спорт үйірмесі, «Жас математик» үйірмелері жұмыс істейді. Сондай- ақ «Отаным- Қазақстан»,»Менің болашақ арманым» деген тақырыптарға оқушыларға эссе жаздыру жұмыстары жүргізілді.
Мереке күндеріне байланысты сыныптар қабырға газеттерін шығарып отырады. Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін түрлі сайыстар,XXI- ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойындар,сондай- ақ пәндік апталықтар,ата- ана мен оқушы,ұстаздардың бірлесуімен өтетін «Жігіт сұлтаны», «Көктем аруы» атты сайыстар өткізіліп тұрады. Баланы жақсылыққа жетелеп жанастырар да,жамандықпен адастырар да мұғалім. Ағаштан ағаш рең алса,адамнан адам тәлім алады.
Тәрбие туралы : Ж. Аймауытұлының мынадай сөзі бар: “Адам мінезінің,ақыл –қайратының түрлі болуы ,тәрбиенің әртүрлілігіне байланысты” . Мектеп –білім ордасы болса,ұстаз –сол мектептің жүрегі,оқушы –болашақ тұлғасы. Пайдаланылған әдебиеттер.
Богданова О. С. “Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмысының методикасы”Петрова В. И. Алматы. “Мектеп ”(1.
Болдырев. Н. И. Мектептегі тәрьие жұмысының әдістемесі . Алматы.“Мектеп”(1. Омаров Е. О. Қазақстандағы мәдени –ағарту жұмыстарының тарихы. Шымкент.(1. 99. 1ж)4. Серғожаев Н. Сенде бір кірпіш дүниеге ..
Алматы “Рауан”(1. Бастауыш мектеп”журналы 2.
Сынып жетекшісі”журналы 2. Жаңа технология – педагогтардың мүмкіндігін күшейтетін құрал. Нұрекеева Назгүл Мұстафақызы, №2.
Мұратбаев атындағы орта мектебі информатика пәні мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылыҚазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8- бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда. Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары: - қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі; - жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту; - білім мен тәрбиенің бірізділігі; - жалпы компьютерлік сауаттылық; - оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы. Нәтижелері: - жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру; - жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту; - жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру; - мультимедтялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету; - отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру; - Республикалық білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқару салаларының ақпараттық желісін құру.
Жаңа технология – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдала алады. Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр.
Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді. Бұның бір мысалы ретінде 2. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевпен бірге өткізілген интерактивті сабақты айтуға болады. Жаңа технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.